Ақтөбе облысында көпқабатты үй ауласынан 27 жастағы жігіттің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2026

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері, нақтырақ айтқанда пышақ жарақаты болған. Облыстық полиция департаментінің  ақпаратынша, күдікті уақытша ұстау изоляторында. Алдын ала ақпарат бойынша,  ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, салдарынан күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.