Павлодарда мұғалімдердің жеке деректері желіге жарияланып кеткен. Бұндай сорақылықты қаланың прокуратурасы анықтады. Желіге таралған деректердің ішінде ұстаздардың сауалнама жауаптары, телефон номері, тұрғылықты мекен-жайы жария етілген. Ұзын саны 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке мәліметтері ашық дерек көздеріне орналастырылған. Білім беру ұйымдары бұны мемлекеттік сатып алулар порталында хабарландыру жариялау кезінде абайсызда болғанын айтқан. Десе де, прокуратура заңсыздыққа жол берген кінәлі тұлғаларды жауапгершілікке тартты.