Қызылордада «Самрұқ Қазына» корпоративтік қорының 10 жылдығына орай үстел теннисінен республикалық турнир өтті

Қызылордада теннисшілер бас қосты. Еліміздің бірнеше қаласынан келген азаматтардың арасында әуесқой спортшылар да бар. Олардың шыңдалып, өздерін сайыста бақ сынауына «Самрұқ Қазына» корпоративтік қоры мүмкіндік берді. Елімізде қордың бастамасымен жүзеге асқан ауқымды жоба көп.

Үстел теннисінен өткен республикалық турнирге Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Байқоңыр қалаларынан келген спортшылар да бар. Олардың ең үлкені 65 жаста болса, кішісі - онда. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне орай 5 топқа іріктелген. Барлығы 150-ге жуық адам ептіліктері мен жылдамдықтарын сынап көрді. 

АҚНАЗ ӘЛІМЖАН, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Үстел тиннисі тек спорт қана емес, біз үшін өмірлік мектеп. Оқушы кезімізден айналысып келе жатқаннан кейін бұл бізді тәртіпке, шыдамдылыққа, жеңіске де жеңіліске де жақсы көңіл күймен қабылдай білуге үйретеді. Жаттығу жасағаннан кейін осындай жарыстарға шығып өз деңгейіңді көргің келеді, сезінгің келеді.

«SAMRUK alaman» турнирін еліміздің барлық өңірінде өткізу жоспарланған. Ол «Самрұқ қазына» корпоративтік қорының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.  Аймақта қордың бастамасымен жүзеге асырылған ауқымды жобаларды ауыз толтырып айтуға болады. Оның ішінде Теннис орталығы, Оқушылар сарайы, Орталық Мұражай ғимараты бар.

АМАН ТӨРЕГЕЛДИН, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қызылорда қаласында, облысында жалпы айтамын болсақ 18 жобаны іске асырдық. Оның ішінде 2 млрд 200 млн соммасына. Жалпы бұл турниріміз келіп балалардың бір-бірімен танысып, спортқа кісілерді жақындату. Сенімдіміз бүгінгі жас спортшылар ертең Қазақстанның туын көтеріп чемпион солады деген.

Қордың демеушілігімен  елімізде 434 жоба іске асырылған. Оның жартысынан көбі- түрлі бағыттағы заманауи нысан. Ал 19-ы -спорт кешені.