Жылу беру маусымына арналған отын қоры 1 қыркүйекке дейін жинақталуы тиіс - Олжас Бектенов

фото: Үкімет

Алдағы жылу беру маусымына дайындық аясында Премьер-министр Олжас Бектенов жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды тапсырды.

«Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз етсін»,-деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

 Жұмысты бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.