Қатты жауыннан Ташкент көшелерін су басты

фото: әлеуметтік желі

Қаладағы «Чорсу» метро станциясының кіреберісіне су жиналды.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су қысқа уақытта дренаж жүйесі арқылы тартылды.

Қазіргі уақытта метро станциясы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, пойыз қозғалысына ешқандай кедергі келген жоқ.