Ақтөбеде тұрғын үй қорын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2026

Ақтөбеде тұрғын үй қорын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды. «AMANAT» партиясының бастамасымен өткен «TURGÝNDAR AMANATY» форумы саладағы қордаланған мәселелерді көтеріп, нақты шешімдер ұсынуға бағытталып отыр. Таза подъезд, жарық үй мен қауіпсіз аула-бұл әр тұрғынның талабы. Бірақ осы қарапайым қажеттіліктің өзі әлі күнге дейін көп жерде проблема болып отыр. Форумда тұрғын үйді басқарудағы өзекті мәселелер ашық айтылды. Заң бар, жүйе бар. Енді оны тиісті іске асыру керек. Мамандардың айтуынша, үйлерді басқару мен қаржыны дұрыс бөлу-тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. 200 ден астам адам қатысқан жиында тұрғын үй қатынастары саласына қатысты былтыр қабылданған заң түсіндірілді, пәтер иелерінің кооперативі төрағаларының сұрақтарына жауап берілді. Тұрғындар мен коммуналдық мекемелер арасындағы байланысты күшейту күн тәртібінде.

ЕРЛАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біз әрбір өңірде филиал жанынан фронт-офис ашып жатырмыз, 24/7 яғни КСК төрағаларымен біздің партияның депутаттар және билік өкілдерімен бірге жүйелі түрде жұмыс жасау ғой негіз енді. Халыққа қазір азаматтардың үйінен шыққан кезде тұрғындарды не мазалайды, үйдің жарығы болса, жылу болса, подъезді тап-таза ремонттан өткен болса, ауласы балалар ойнайтын жаңа заманауи жұмыс жасап тұрса содан артық ештеңе керек жоқ. Осының барлығын үйлестіру, жүйеге салу біздің үлкен мақсатымыз.