Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Соғыс жылдарында майдан даласында ғана емес, тылда еңбек еткен жандардың барлығы жеңіс үшін тер төкті. «Әрбір жиналған дән жауға атылған оқпен тең» деп, жиған тергендерін сонда жөнелтті. Қызылордалық Қадір Әмзеұлының балалық шағы соғыс жылдарына тап келді. Бірақ бала болса да ауыртпалықты елмен бірге көтерді. Ол кезде барлығымыз еңбек озаты болуға ұмтылатынбыз деп еске алады. Бірақ оқуын да тастамай, ұстаздық жолды таңдаған. Ол -жоғары санатты математик мұғалім, Ыбырай Алтынсарин медальінің иегері атанды. Ардагерге «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы құрмет көрсетті. Жеңіс күні қарсаңында үйіне барып, жылы ықыластарын жеткізді.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Партиямыздың «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жыл бойына түрлі шаралармен ұйымдастырылып жатады. Жас ұрпақ үшін осындай өнегелі іс-шараларымызды ұйымдастыру, бабаларымыздың, аталарымыздың даңқты ерліктерін насихаттау өте маңызды. Трихын білген, тарихын ұлықтаған, тарихын құрметтеген ұлт қана алға қарай талпына алады.
Ал "Amanat" партиясының қарағандылық белсенділері «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп, Жеңіс күніне орай Жеңіс саябағы мен «Мәңгілік алау» мемориалының айналасын тазартты. Бұл- екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған тарихи- мәдени орын. Тазалық іс-шарасына 100 ден астам белсенді қатысты.
БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT“ ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Әрбір тұрғын үшін өзінің туған жері, тұрған жері, өскен жері ол- киелі мекені. Бүгін осы қаламыздағы мәдени ескерткіштердің Ұлы Жеңістің қарсаңында “ Даңқ” аллеясын арнайы “ Жастар рухы”, облыстың мәслихат депутаттары “ Amanat” партиясының мүшелері, аппарат бәріміз келіп бірнеше бағытта қаламызды тазалау жұмыстарын жүргізуге кірістік.