Елімізде су тасқыны жағдайы тұрақталды

фото: ТЖМ

Еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі азайды, жағдай тұрақты, мониторинг жүргізілуде. Еліміздің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі азайды.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бақылауда.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы гидрологиялық ахуал тұрақты. Өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен, су басу фактілері тіркелмеген. Облыс аумағының 13%-ын әлі де қар басқан.

Су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.