Күдіктілерге қатысты есірткі сату, контрабанда және аса ірі көлемде сақтау деректері тіркелген.
Қарағандыда синтетикалық есірткі өндірісін қашықтан ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды.
Астанада жалдамалы пәтерден 1,5 кг синтетикалық және каннабис түріндегі есірткі тәркіленсе, Алматыда шетел азаматынан 1,2 кг «A-PVP» табылған.
Сондай-ақ Ақтауда 21 жастағы күдіктінің есірткіні жасырын тарату ісімен айналысқаны анықталды.