Алматыда «AMANAT» партиясының өкілдері 100 жастағы ардагерді құттықтады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2026

Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Алматыда «AMANAT» партиясының өкілдері соғыс ардагерін құттықтады. Владимир Белозёров былтыр 100 жасқа толды. Жасына қарамастан, ол белсенді өмір салтын сақтап, күнделікті дағдысынан айнымаған. Ардагердің айтуынша, ең үлкен арманы жүз жасқа жету болыпты. Ендігі  мақсаты- денсаулығын сақтап, сергек жүру.  Партия өкілдерімен бұрыннан таныс. Майдангердің сөзінше, оған үнемі көңіл бөліп келеді.  Биыл да қамқорлық белгісі ретінде партия өкілдері ардагерге сый жасады. Қазір қалада небәрі 15 ардагер қалған. Сондықтан оларға ерекше көңіл бөліп, тұрақты түрде қолдау көрсету маңызды және тек мерекелік құттықтаулармен шектелмей, жыл бойы көмек көрсетіледі.

ВЛАДИМИР БЕЛОЗЁРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

2024 жылы да «AMANAT» партиясының төрағасы келіп, мерекемен құттықтады. Қандай көмек керек екенін сұрады. Мен ас үйім жабдықталмағанын айттым. Олар жиһаз бен кір жуғыш машинаға арналған үстел жасап берді. Асүйімді ыңғайлы етіп берді.

СТАНИСЛАВ КАНКУРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дәстүрлі түрде «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жыл бойы ардагерлерге барып тұрады. Мереке қарсаңында түрлі акциялар ұйымдастырып, көмек көрсетеміз. Ең бастысы - бұл жас ұрпаққа үлгі, нағыз патриот қандай болуы керектігін көрсетеді.