Қызылордада ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумының пленарлық отырысы өтті

«Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір». «Жалпы ғылымға бөлінетін қаражаттың негізгі бөлігі Алматы мен Астана қалаларына бағытталған. Бұлай біз қолданбалы ғылымды дамыта алмаймыз» Бұл туралы Қызылордада өткен Ұлттық ғылым академиясы президиумының пленарлық отырысында айтылды. Онда өзге де ғылым саласының мәселелері мен атқарылған жұмыстар сараланды.

Ғылымды дамыту -ел экономикасын ілгерілетудің маңызды тетігі. Алайда салаға жүйелі өзгерістер енгізбесек тиімділігі төмендей береді дейді Ұлттық ғылым акамедиясының президенті Ақылбек Күрішбаев. Сондықтан академия қолданбалы ғылымның маңызды концепциясын ұсынады.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ғылымның қаржысының жүйесін өзгерту керек. Біз қазіргідей ғылымның тек қана ізденістерге, зерттеулерге қаражат бөлмей олардың қорытындылары бойынша, қортындыларын алатын маршрутына қаражат бөлуіміз керек. Біздің ұсынысымыз қолданбалы ғылымды салалық министрліктер мен әкімдер өздері басқару керек.

Жиын барысында Қызылорда қаласын жер асты сулары есебінен сумен қамтамасыз ету, құрғақ әрі тұзды өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту секілді маңызды мәселелер талқыланды. Атқарылған жұмыстар сараланды.

АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өңірдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуға ғылым мен білімнің тікелей байланысы бар. Сондықтан қазіргі таңда біз инновацияға негізделген және осы эконоиканы жаңа үдерістерге, жаңа технологияларға қалыптастырып, соны ұштастырып жұмыс жүргізудеміз.

Екі күнге созылған жиын барысында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері тәжірибе алмасты. Өңірлік ғылымды дамыту, инновацияны ілгерілету және ғылым мен өндіріс байланысын күшейту бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.