Жетісу облысында «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында көпқабатты үйге қатысты мәселелер талқыланды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2026

Жетісу облысында «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында өңірлік форум-семинары өтті. Іс-шарада тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу жолдары мен әлеуметтік бағдарламалар талқыланды. Форумға облыс әкімі, «AMANAT» партиясы өкілдері және Мәжіліс депутаттары қатысты. Жиын қорытындысында халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және нақты мәселелерді жедел шешу бағытында ұсыныстар айтылып, оларды іске асыру жолдары белгіленді.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Осы уақытқа дейін 15 өңірде осы жобаны іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық Қазақстанның өңірлерінде осы жобаны іске қосатын боламыз. Жалпы бұл жобаны негізгі мақсаты қала тұрғындарына бағытталған. Осы уақытқа дейін КСК, ОСИ жұмыстары заңнама төңірегінде шешіліп келді. Әлі де жұмыс жасап жатқан мәселелеріміз бар. Негізгі мақсат осы тұрғын үйлердегі ортақ мүлік иелерінің бір мақсатқа шоғырланып, үйдің сапалы болуына жұмыс жасау.