Бүгін бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды

Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

- 7 мамырда Балқаш, Өскемен, Семей, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.