Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Украинамен кездеседі

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында бүгін, 7 мамырда төртінші ойынын Украинаға қарсы өткізді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Екі құрама қазірге дейін 12 мәрте кездесіп, оның сегізінде отандастарымыз жеңіске жетті.

Сондай-ақ отандастарымыз бұдан кейін 8 мамырда 15:30–да Франциямен шеберлік байқасады.