Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады

фото: Ақорда

Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасы талқыланып жатыр.

Заң жобасының басты мақсаты – бірпалаталы Құрылтайдың конституциялық – құқықтық негізін бекіту болып табылады.

Заң жобасын Мәжіліс депутаты Айдос Сарым таныстырды. Оның айтуынша, Құрылтай құрамына 145 депутат енеді. 

“ Заң жобасына сәйкес, Құрылтайдың құрамы 145 депутаттан тұрады, пропорционалдық жүйе бойынша сайланады және  олардың өкілдік мерзімі – 5 жыл болады,  деп белгілеу ұсынылып отыр”, – деді депутат.

Сондай-ақ Құрылтай аясында 8 бейінді комитет құру жоспарланған. Бұдан бөлек, Конституциялық заң деңгейінде алғаш рет Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес туралы нормаларды бекіту ұсынылды.  

Жаңа Заң жобасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.