Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қауіпті инфекция бес адамнан анықталған. Тағы үш жолаушының қайтыс болғаны мәлім болып отыр.
Аргентинадан шыққан люкстік лайнер 10 мамырда Испанияның Канар аралдарына жетуі керек.
Оның бортында 28 елден 150 адам болған. Ондаған жолаушы Қасиетті Елена аралында кемеден түскен. Қазір олар іздестіріліп жатыр.