Семейлік тұрғынның гаражынан 154 кг марихуана табылды

фото: Polisia.kz

Тергеу мәліметінше, есірткі арнайы қаптамаларға оралып, Абай облысы аумағында таратылмақ болған. 35 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.