Ерекше балаларға арналған «Үміт» топтары ашылды

«AMANAT» партиясының «Шексіз мүмкіндік» жобасы аясында Өскемендегі Мамандандырылған балалар үйінде арнайы «Үміт» топтары ашылды. Енді алыс ауылдарда тұратын ерекше балалар қалаға келіп, заманауи технологиялардың көмегімен оңалтудан өте алады. Ем қабылдау кезінде бүлдіршіндер балалар үйінде жатып емделеді және толықтай мемлекет қамқорлығында болады.

ГҮЛМИРА МИРХАТ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Екі топ жұмыс жасайды. Онда бізд диагноздармен балалар, онда даун синдромы, ДЦП балаларды біз қабылдаймыз. 12 ай көлемінде реаблитациялық топқа тегін көмек көрсетеміз. 

ЖАНАТ МЕКЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партиялық жобалар қамтылған атап айтатын болсақ, бұл "Ауыл аманаты", сонымен қатар "Кедергісіз келешек", "Әйелдер қанаты", "Жастар-рухы жастар қанаты" тарапынан келіп, тиісті консультативті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ал түркістандық  9 және 11 сынып түлектері қатарындағы ерекше  жастар үшін де бұл үлкен мүмкіндік болып тұр. «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде жастар кәсіптік білім алып қана қоймай,  жұмысқа орналастырылады.  Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжде болған топ білім алып жатқан жастармен жолықты.   Іс-шара барысында жұмыс берушілер мен колледж арасында сындарлы ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. 

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Мақсат, бір ғана мақсат – қайткенде де ерекше балаларды жетілдіру, білімін әрі қарай жетілдіру. Мен көріп отырмын, көптеген балалар бар суретші, керемет қолөнерші балалар бар. Бұл колледжді биыл 21 бала бітіріп шығады екен. 21 баланы жұмыспен қамту.