«AMANAT» партиясының өкілдері ардагерлерді құттықтады

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2026

Тарих тереңіне бойласақ, ерлік пен елдікті ұштастырған ұландарымыз жетерлік. Екінші дүниежүзілік соғыста да отандастарымыз ұлты  үшін отқа да, суға да түсті. Ал мұндай ерлік ешқашан ұмытылмайды. «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов  соғыс ардагері Анна Котованы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

"AMANAT"партиясы үшін ардагерлерді ардақтау, оларды құттықтау үлкен мәртебе. Мен қазақстандықтарды осы ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпай, құрметтеуге шақырамын. Анна Котова қаршадай қыз кезінде майданға аттанып ерлік жасады. Қазір 102 ге келсе де сол кезді мұңаймай еске алып отыр. Жастарды отанға адал қызмет етуге шақырды. Бұл болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбие.

Соғыс тек майдан даласындағы оқ пен оттың арпалысы емес, ел ішіндегі де күрес еді. Бірі қолына қару алса, бірі кетпен ұстап Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Расында тыл ардагерлерінің еңбегі ерен. Солардың бірі Анна Погребнаяны «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов құттықтады. Ардагерлерді қолдау мақсатында «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келеді. 

МӘДИ ОСПАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы жоба аясында еліміздің әр өңірінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. Аталған нысандарда шығармашылықпен, музыкамен, спортпен айналысып, компьютерлік сауаттылық бойынша білім алуға болады. Сонымен қатар, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік жасалған.