Оралда 102 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Оралда әскерилер мен төтеншеліктер соғыс ардагері Вениамин Скаленконы жеңіс мерекесімен құттықтады. 102 жастағы қарт жауынгер Будапешт, Вена, Венгрия мен Братиславаны азат ету ұрыстарына қатысып, ерлігімен көзге түскен. 9 класты бітірісімен соғысқа аттанған бозбала Морзе әліппесін мүлтіксіз меңгереді. Алғырлығымен танылған жігіт алдыңғы шепте байланысшы болды. Жеңісті жақындатқан қарт сарбаздың құрметіне  әскери оркестр соғыс кезіндегі әндерді шырқады. Өз кезегінде Вениамин Скаленко өмір жолын әңгімелеп, қандыкөйлек қаруластарын еске алды. Бүгінде өңірдегі көзі тірі 6 соғыс ардагеріне 5 миллион теңге мерейтойлық сыйақы берілген. 

ВЕНИАМИН СКАЛЕНКО, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Халқымыз басқыншыларды бірлік пен достықтың арқасында жеңді. Сондықтан қазіргі жастардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіріп, адал еңбек етуге тәрбиелеу керек. Бірлік болмай тірлік болмайды. Сонда ғана сүйікті Қазақстанымыз дамиды.