Алматыда ҰҚК шекара қызметінің қатарына алынған жас сарбаздар ант қабылдады

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2026

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қатарына қосылған 100-ге жуық жас сарбаз ант қабылдады. Рәсімге сарбаздардың ата-аналары мен жақындары жиналды, ардагерлер мен запастағы офицерлер де қатысты. Қонақтарға арнап мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Серт берген жас жауынгерлер алдағы үш ай әскери дайындықтан өтіп, кейін ел шебін қорғау жолындағы қызметтерін атқарады.

ЕРЛАН СӘКІБАЕВ, “ЗАСТАВА ТАРЛАНДАРЫ” РҚБ АРДАГЕРЛЕР МҮШЕСІ:

Ант деген - адам өмірінде, ер-азамат бір-ақ рет қабылдайды. Ең көп сақталатын архивтегі документтердің бірі - 78 жыл... қойған қолы 78 жыл архивте сақталады. Сондықтан осы жас сарбаздарымызға сәттілік тілейміз, Отан қорғау жолында аман-есен өз борыштарын өтеп, елдеріне аман-есен оралуларына тілектеспіз.

ФАРХАТ СЕКСЕНБАЕВ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР:

«Әскери ант» екі-ақ сөз болса да, оның артында терең мағына жатыр деген сияқты. Әскери антты жауапкершілікпен қабылдайды. Әскери ант қабылдағаннан кейін адам өз міндеттерін айқын, нақты қадам басу керек.