Ақтөбеде балалар оркестрі отты жылдар әуендерін орындап, ерекше рух сыйлады

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2026

Ақтөбеде әскери әндер мен марштар бұл жолы мүлде жаңа үнмен шырқалды. Сахна төрінде қолына үрмелі аспап ұстаған балалар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, көрерменге ерекше рух сыйлады. «Жас Ұлан» балалар әскери-үрмелі аспаптар оркестрінің әр әуенінен тәртіп пен табандылық, патриоттық рух пен өнерге деген сүйіспеншілік сезіледі.

Оркестр құрамында 17 оқушы бар. Ұжым 2017 жылы құрылған. Оның негізін Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ардагері Абыл Смайылов қалаған. Зейнетке шыққаннан кейін мектепке қызметке келген ол талантты балаларды жинапты. Қазіргі құрам -оркестрдің екінші буыны. "Балалар ноталық сауатты толық меңгерді",-дейді оркестр жетекішісі. Қазір олардың репертуарында әскери марштардан бастап қазақ әндері мен попуррилер  бар.