Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, бүгінде көзі тірі 57 Ұлы Отан соғысының (ҰОС) ардагері қалған.
Оның 14-і Алматы қаласында тұрады. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында – 6 ардагерден. Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында 4 ардагерден болса, Жамбыл және Түркістан облыстарында – 3 ардагерден тұрады. Ал Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласында 1 ардагерден ғана қалған.