Мемлекет басшысы Астана қаласында өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингілік турнирінің белдесулерін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентпен бірге мәртебелі меймандар қатарында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер де болды.