Бәйтеректің алдында бейәдеп қылық көрсеткен астаналық қамауға алынды

Фото: Kazinform

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қала монументіне құрметсіздік танытылған жарияланым анықталды.

Ведомство дерегінше, ескерткіш аясында әдепсіз сипаттағы фотосурет орналастырылған.

— Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылып, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды, — делінген хабарламада.