Елена Рыбакина Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитеті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Рим (Италия) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 42-ракеткасы, 20 жастағы филиппиндік Александра Эалаға тап келді.

 

Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Елена брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.

Қарсыластар екінші сетті брейк алмасумен бастады. Дегенмен содан кейін Рыбакина 4:2 есебімен алға кетті. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

Бір сағат 33 минутқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Эала 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 46-ракеткасы, германиялық Лаура Зигемунд немесе рейтингіде 130-сатыдағы чехиялық Каролина Плишкованың қай жеңгенімен таласады.