Ақмола облысында өрттен әйел мен үш бала құтқарылды

Фото: ТЖМ

Қосшы қаласында Жамбыл Жабаев көшесінде жеке тұрғын үйдің қазандық бөлмесінің шатыры өртенді.

Өрт аумағы - 10 шаршы метр.

Үйден үй иесі және 2019, 2021 және 2026 жылы туған үш бала құтқарылды.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.