Венада 70-ші Eurovision-2026 байқауының ресми ашылу салтанаты өтті

Фото: Википедия

Байқауды ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Eurovision-2026 қатысушылары ұзындығы 170 метр болатын көгілдір кілем жолымен жүріп өткен. Байқауға қатысушыларды Вена қаласының бургомистрі Михаэль Людвиг және ұйымдастырушылар қарсы алған.

Ашылу салтанаты – байқау кезінде барлық қатысушының басын қосатын ең басты шара. Қатысушылар 12 және 14 мамырда өтетін алғашқы екі жартылай финалдың қорытындысы бойынша іріктеледі.

16 мамырда өтетін финалда 35 қатысушының ішінен 25 өнерпаз бақ сынайды.