Таразда жол апатынан жасөспірім қаза тапты

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2026

Таразда жол апатынан  жасөспірім қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Полицейлер түнде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін Audi көлігін тоқтатуға тырысқан.   Алайда жүргізуші оны елемей, қаша жөнеліпті.  Жасөспірім тізгіндеген көлік бағанға соғылған.  Бір жолаушы сол жерде қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімнің ата-анасы да жауапқа тартылады. Ал жарақат алған екі бала дәрігерлердің бақылауында.

ДЕМЕУ ӘЛІПБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Балалар ауруханасына 16 жасар екі науқас жеткізілді. Бірінші науқасқа мед қарау кезінде жеңіл жарақаттар анықталып, тұрғылықты жеріне амбулаторлық бақылауға жіберілді. Екінші науқасқа сирақ сүйектерінің сынуы анықталып, ота жасалып, науқастың жағдайы бірқалыпты. Науқас өзінің тиесілі емін алып жатыр жағдайы тұрақты.