“Үйді су басып, жиһаздар мен дүние-мүлік түгел жарамсыз болып қалды”: Алматылықтар әлі күнге дейін жауын суы ағатын арық жүйесі орнатылмағанына наразы. Жаңбырдан кейін су көшеге сыймай, үйлердің ішіне дейін кірген.
ӘЙГЕРІМ ЕСЕНКЕЛДІ, ТІЛШІ:
Жаңбыр жауса, жұрт әбігерге түседі. Үйге кірген суды сыртқа тасумен әлек болады. Құрылысы жуырда ғана аяқталған жаңа үйлердің де сиқы кеткен. Қабырғалар бүлініп, жиһаз, жаңа мүліктің бәрі жарамсыз болып қалды.
Ихтиер Абдрасулов бірер күнде жаңа үйіме қоныс аударамын деп жүрген қуанышы көпке созылмады. Соңғы жауыннан соң бірнеше минуттың ішінде баспанасын су басып, енді ғана жасалған жөндеу жұмыстары зая кетті дейді.
ИХТИЕР АБДРАСУЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бірінші этаж толып кеткен су. Мебель, пол көрдіңіз ғой сіз өзіңіз де, мебельдер уже жарамайды, ісіп кеткен, су басып ісіп кеткен.
Тұрғындардың айтуынша, мәселе жыл сайын қайталанады. Бұған табиғи жағдай емес, су бұру жүйесіндегі кемшілік себеп деп отыр. Көшедегі дүкендер мен өзге де ғимараттар су астында қалған.
АМАНЖОЛ МЕЙЗЕКЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Келетін су, мына жерге жасалған ана 10–12 кубтық дренажға сыймайды. Сол дренажға сыймағаннан кейін одан көтеріліп, мына көшеге жайылып, мына көрші тұрғындардың, біздердің ғимараттарымыздың астыңғы этаждарын басып кетті су толығымен.
Бұл аумақта әлі күнге дейін тіпті орталық кәріз жүйесі де тартылмаған көрінеді. Салдарынан лас су жиналып, тұрғындар жағымсыз иіске, санитарлық мәселелерге тап болып отыр.
СЫРЫМ ТЕМІРБЕК, АЛАТАУ АУДАНЫ КӨРІКТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Арық жүйесі бұл көшеде болмаған.Қазіргі таңда бұл дренажный система былайша айтқанда ол уақытша шешім болды, өйткені бұл судың баратын жері болған жоқ. Енді жаңағы экология басқармасымен бірігіп, бір ай көлемінде біз мына жерден осы дренаждан алып, ар жаққа қарай үлкен дренажный жүйені саламыз.
Жауаптылар уәде берді. Ал келген шығын тек сот арқылы өндіріледі.