АҚШ-та эвакуацияланған жолаушыдан хантавирус анықталды. Бұл - елде тіркелген алғашқы жағдай. 150-ге жуық адамы бар кемеден түсірілгендердің ішінде 8 адамнан күдік туып, оның алтауында адамнан адамға жұғатын қауіпті Андес штамы расталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы борттағылардың бәрін жоғары қауіп тобына жатқызғанымен, жаһандық пандемия қаупі төмен дейді. Дегенмен, инфекцияның өлім-жітім көрсеткіші 40 процентке жететіндіктен, сақтық шаралары барынша күшейтілді. Ресейде вирустың жеті түріне қарсы вакцина әзірлеу қолға алынды, оған кемінде бір жарым жыл уақыт қажет.
БРАЙАН КРИСТИН, АҚШ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:
Хантавирустың жалпы халыққа төндіретін қаупі өте төмен. Оның ішінде «Андес» штамы оңайлықпен таралмайды. Вирусты жұқтыру үшін ауру белгілері анық білініп тұрған адаммен тым жақын әрі ұзақ уақыт байланыста болу керек. Сондықтан жаппай індет болады деп алаңдауға негіз жоқ.