Украина-Ресей соғысы тоқтауы мүмкін

Трамп Иранға қайтадан шабуыл жасауы мүмкін. АҚШ Президенті мұны ашық айтты. Иранмен оқ атпау келісімі – өлейін деп жатқан адамның халіндей. Еш мүмкіндік жоқ, - деп қайырды Ақ үй басшысы. Ал, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, керісінше, тоқтауы ықтимал. Бұл туралы алғаш рет Владимир Путиннің өзі мәлімдеме жасады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамтың шыдамы таусылды. АҚШ Президенті жақын арада Иранмен соғысты жандандыруы әбден мүмкін. Себебі, уақытша оқ атпау режимінің жалғасы ретінде бейбіт келісім бойынша Иранның ұсыныстары Трамптың көңілінен шықпаған. Ал қазіргі уақытша келісімді АҚШ Президенті хал үстіндегі адаммен салыстырды.

ДОНАЛЬД ТРАМПАҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Иранның бізге жіберіп отырған келісімі мүлдем нашар. Олардың соңғы жіберген сандырақтарын оқыған да жоқпын. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, хал үстінде жатқан адам болады ғой. Иранмен қазіргі келісімнің жағдайы тура сондай. Соғысты қайта бастамау мүмкіндігі небәрі 1 пайыз деп баға беремін.

Украина-Ресей соғысы тоқтауы мүмкін. Путин Зеленскиймен жеке кездесуге әзірмін, - деді. 4 күнге созылған оқ атпау режимінен кейін, Ресей басшысы Мәскеуде ғана емес, бейтарап елде де жолығудан кет әрі емес екенін алғаш рет ашық айтты.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әлбетте, әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан Ресеймен қарсыластықты бастап отырған адамдар Украинада емес. Көмекті аямай береміз, Ресейді ойсыратамыз деп, алдап кеткендері де өтірік емес. Бұл айқас аяқталуы тиіс әрине. Бұлай жалғаса беруіне болмайды. Десе де, әділ жолмен тоқтауы керек.

Венгрияда 16 жылдан кейін жаңа басшы ант қабылдап, ұлықталды. Петер Мадьяр ресми түрде қызметіне кірісті. Сайлау нәтижесін жариялаған кезден кейінгідей, бұл жолы да Мадьярдың жақтастары өздерінің атқамінер ғана емес, керемет биші екендерін де көрсетті. Жиналған жұртты, құдды бір диджейлер секілді еліртіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.