Қызылордада «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды

Қызылордада «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды. «AMANAT» партиясының бұл бастамасы көпқабатты үйлердің мәселелерін шешуге бағытталған. Өңірде Пәтер Иелері Кооперативі төрағаларын оқыту, кері байланысты күшейту, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын енгізу жоспарланған.  Жоба аясында 3 мыңға жуық адам білім жетілдірген. Партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев жұмыстардың нәтижелі болуы және тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы байланысты күшейту үшін партияның өңірлік филиалына фронт-офис құруды тапсырды.¤

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

«Тұрғын үй қатынастары жөнінде» заңға өзгерістер енгізілді, жаңадан заң қабылданған. Сол жерде 3 деңгейдегі бюджет, ОСИге өту форматы, заңның өзін дұрыс түсіндіру үлкен жұмыс. Сол себепті біз қазір 16 регионның, 20 өңірді бітіргеннен кейін әрбір өңірден фронт офисін құрып жатырмыз. "AMANAT" партиясының алаңында.