Шымкентте республикалық құмай тазылар жарысы өтті

Шымкентте республикалық құмай тазылар жарысы өтті. Бұл - қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының  "Ұлттық мұра"  жобасы аясында өткен   алғашқы республикалық ашық біріншілік.

Ауқымды додаға «AMANAT» партиясы айрықша қолдау білдірді. Бұл - халқымыздың көне саятшылық дәстүрін жаңғыртып, ұлт руханиятын дәріптейтін тағылымы мол іс-шара.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл- партиямыздың келешекте осы біздің салт-дәстүрімізді , мұрамызды қайта жаңғырту жолында қайта жасалып жатқан дүние. Себебі Мемлекет басшымыз 3-қыркүйекті қазақы осы құмай тазылар мен төбеттер күні деп бекітілгеніне  орай осы іс-шара ұйымдастырылып жатыр.

Жарысқа еліміздің 18 өңірінен келген 36 құмай тазы қатысып, 500 метр қашықтықта бақ сынады. Ұйымдастырушылар жеті қазынаның бірі саналатын тазы үшін «шырға тарту» сайыСының жөні бөлек дейді.

НҰРЛАН ЖАНАТАЙ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚЫ ТАЗЫ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Аңшылық маусымы біткен уақытта тазының бабы, тазының ептілігі, тазының жүйріктігі басылып қалмау үшін осындай алтернативный балама түрі, европалық стилі қазақ тазысына енгізіліп жатыр. Бұл және де қазақы тазының универсалды  қазына екенін дәлелдейтін бір спорт түрі.   

Сайыс барысында құмай тазылар жүйріктігімен, алғырлығымен  ерекшеленіп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.  І орынды Алматы облысынан келген тазы баптаушы Айдын Құдайбергеновтің «Сылдыр» атты құмай тазысы жеңіп алды.

АЙДЫН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ТАЗЫ ЖАНАШЫРЫ:

Бұл «Сылдыр» 2024тен бері автокөлік ұтты. Үлкен-үлкен 15 жарыста чемпион болды. Топ жарып жүрген тазылар ғой, Аллаға шүкір.

Тазылардың тек шапшаңдығы  емес, сыртқы келбеті мен ұлттық нақыштағы сән-салтанаты да назардан тыс қалмады. Арнайы номинациялар бойынша «Сұлу тазы», «Үздік ұлттық киім» және «Ең жас баптаушы» аталымдары тағайындалып, жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталды.