Цифрлық технологияларды белсенді енгізу жағдайында білім алушылардың дербес деректерін қорғау ерекше маңызға ие. Осы бағытта ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіліп, білім беру платформаларында деректерді қорғаудың және қолжетімділікті бақылаудың заманауи тетіктері енгізіледі.
Сонымен қатар білім беру саласындағы заңнама талаптары мен мемлекеттік стандарттардың, сондай-ақ білім алушылардың дербес деректерін өңдеу, сақтау және қорғау жөніндегі талаптардың қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі.