Террористік қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам депортацияланды

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген ҚР азаматтарын елге қайтару жөніндегі операция жүргізді.

Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды.

Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.