Қарағандыда 67 жастағы зейнеткерді тапа-тал түсте тонап кеткен. Оқиға банктердің бірінің жанында болған.
Тергеу мәліметінше, 29 жастағы жігіт зейнеткердің әмиянын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын 117 мың теңгені құраған.
- Жедел қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің қозғалыс бағытын анықтап, оны ұстады. Ол Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты, – деп мәлімдеді ведомство.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.