Іздеуде жүрген қазақстандық азаматтары елге қайтарылды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2026

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық азамат елге депортацияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Террористік сипаттағы қылмысқа қатысы бар деген төрт күдікті ұзақ уақыт бойы шетел аумағында жасырынып келген. Олар Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, ұсталды.