Мектептерде телефонға шектеу енгізіледі

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2026

Енді мұғалім оқушы үшін тек сабақ кезінде жауапты болады. Ал демалыс күндеріндегі баланың қауіпсіздігі мен бас амандығы толықтай ата-ананың міндетіне өтті. Мәжіліс педагог мәртебесіне қатысты заң жобасын мақұлдады. Құжаттағы басты жаңалықтың бірі - ұстаздарды қағазбастылықтан арылту. Бұдан былай есептілікті бір мезгілде қағаз және электрондық форматта жүргізуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар мектептерде ұялы телефон пайдаланудың бірыңғай қағидалары енгізіліп, тәрбие ісі тек мектептің емес, отбасы мен мемлекеттің ортақ парызы екені нақтыланды. Сондай-ақ болашақ мұғалімдер мен дәрігерлерге қойылатын талап  күшейеді. Студенттерді оқуға қабылдау ережесі қатаңдатылып, салаға тек ең үздік жастарды тарту көзделіп отыр.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заң жобасының негізгі өзегі - педагог мәртебесін нақты қорғау. Ұсынылған нормалар мұғалімді артық жүктемеден арылтып, оның кәсіби еркіндігін қамтамасыз етеді.