Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлінің 60 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2026

Шымкентте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлінің 60 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан композитордың шығармашылығы жайлы тілші тарқатады. 

Саналы ғұмырын өнерге арнаған композитор ізденісін тоқтатқан емес. Бүгінде ол Шәмші Қалдаяқов, Әбілахат Еспаев, Әсет Бейсеуов, Мәдина Ералиева сынды тарихи тұлғалардың шығармашылығын зерттеп келеді.

ДОСЫМЖАН ТАҢАТАРОВ, ӘНШІ:

Жылына екі рет сол үлкен Республика сарайында мейлі Астанадағы үлкен концерт залында бас қосылып тұрады. Ол Шәмші ағамыздың әнін таласа тармаса әрқайсымыз сол кеште болып ән айтуға тырысып жатамыз. 

Қазақ аспанында әуелеген әндері де әншілердің репертуарынан орын алған. Тізім Мәдина Ералиевамен басталып, Димаш Құдайбергеннің әндерімен жалғасады.

БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІ, КОМПОЗИТОР:

Қалдыбектің бүгінгі ерекшелігі ол кәдімгі халықтың тұма қайнарынан шығып, ел ішінен шығып, нотаны жете білмесе де қазақтың жүрегіне жететін әндер жазып жүрген компазитор. Сондықтан бүгінгі кеште оның достары, оның құрметтейтін адамдар жиналып отыр.

Ән мен зерттеуі қатар өрілген композитор -үйінде үлгілі әке. Бүгінде бес баласын өнер мен спортқа қатар баулып жатыр.

БЕКЗАТ-САТТАРХАН ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ, КОМПОЗИТОРДЫҢ ҰЛЫ:

Әрдайым әкеміз айтып отырады. Абайдың өлеңін сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап... сол себепті әкеміздің беріп жатқан тәлім тәрбиесі Әкенің берген тәрбиесін тәрбиесін он мектеп бере алмайды дейді ғой баласы

Композитордың шығармашылығы мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесі телегей теңіз. Сондықтан ол өнерді сақтау - маңызды