«Құралайдың салқыны» басталды

Соңғы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт суытты.  Тіпті кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып,  ауа температурасы төмендеді. Мамыражай мамырдың  ортасында мұндай құбылыс көпшілікті таңғалдырғанымен,  бұны қазақ халқы «құралайдың салқыны» деп атаған. Себебі, бұл уақытта ақбөкендер төлдейді. Киелі киік төлдеген кезде күн салқындайды. Өйткені, киіктің лағы құралай күн салқында ғана тез аяқтанады. Осыған байланысты мамыр айында 10-15 шақты күн ауа райы күрт өзгереді. Киіктер бұлтты, күн көзінен таса жерлерге төлдейтіндіктен, ел арасында "киік лақтаған жерге найзағай ойнайды" деген түсінік қалыптасқан. Бұл кезде мал-жанға жайсыз қоңыр суық есетіндіктен, халық бұл амалды «құралайдың салқыны» - деп атаған.

АЙТМҰХАМБЕТ ТҰРЫШЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Бұл құралай желге қарсы жүгіреді екен. Сол кезде кіндігі тез түседі. Бұл табиғаттың киелі сондай бір түсініксіз құбылыстары да болады. Мысалы, осы кезде түйе табан деген шөп шығады киіктер төлдеген кезде. Сонда төлі жатып қалады. Аспанда бүркіттер болады алып кететін. Сонда құстар жапырақтар мен лақтарды айыра алмайды. Түйетабан жапырақтың астында жатып, лақтар көрінбей қалады. Сол 2-3 күнде құралайлар аяқтанып кетеді. Сол себепті құралай төлдеген кезде күн өте салқын болады.