Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Астана әуежайында мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. Ал 15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.