Мексиканың Сан-Луис-Потоси қаласының цирк әртісі Диана Элизабет Батрес Эрмосильо ерекше әлемдік рекорд орнатты. Ол шашының көмегімен 75,35 келі салмақ көтеріп, әйелдер арасындағы ең ауыр салмақты шашпен көтеру рекордын жаңартты.
Рекорд 28 ақпанда Ле Пас театрында көрермендер алдында тіркелді. Диана өрілген шашына алты ауыр дискіні бекітіп, жалпы салмағы 166,11 фунтты (75,35 келі) 14 секунд бойы көтеріп тұрды.
Осылайша ол 2014 жылы үндістандық спортшы Аша Рани орнатқан 55,6 келілік рекордтан асып түсті.
Диананың айтуынша, бұл сынаққа дайындалу үшін ол 6 ай бойы жаттыққан. Әсіресе бас терісіне, мойын мен арқаға түсетін ауыр салмаққа бейімделуге көп көңіл бөлінген.
Әртіс арнайы темір тізбек пен ауыр дискілерден құрал жасатып, оны өрілген шашына бекіткен. Жаттығу барысында салмақты біртіндеп көбейтіп отырған.
Диана Батрес 26 жылдан бері цирк өнерімен айналысады және дене мүмкіндіктеріне негізделген күрделі қойылымдарымен танымал.