Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Фото: pixabay

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде алдағы үш күнде жауын-шашын болғанына қарамастан, күн жылынады. Ал еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында тек күндіз ғана жылы температура күтіледі.

«Қазгидромет» РМК мәлім еткендей, ауа райын екі барикалық түзілім анықтайды: еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Мұнда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы, сондай-ақ күндіз ауа температурасының 27-35 градусқа дейін көтерілуі күтіледі.

Қалған аумақтарда суық антициклон өз әсерін сақтайды.

- Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1-6 градусқа дейін үсік жүреді, ал күндіз ашық ауа райына байланысты температура 12-28 градустан 20-30 градус жылыға дейін көтеріледі, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжануда. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.