Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының 7-ші Бас ассамблеясы өтті

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2026

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының 7-ші Бас ассамблеясы өтті. Ас- адамның арқауы. Ал сол тағамның қауіпсіздігі әлемді алаңдататын мәселе. Бүгін сол түйткілді шешуге 43 елдің өкілі офлайн, онлайн форматта бас қосты. Қазақстан төрағалық ететін ұйымда, азық-түлік қауіпсіздігін ынтымақтастық пен инновация арқылы ілгерілету жоспары талқыланды. Сондай-ақ бірегей хаб құру жоспары да сөз болды.

БЕРІК АРЫН, АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Ауылшаруашылық зерттеу орталығы бар ғой. Ұлттық орталық. Соның базасында солармен бірге немесе басқада Аграрлық университет бар. Астанадағы Сейфуллин университеті бар. Солардың ат салысуымен жүзеге асады.