Биыл зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешіп алудың жеткілікті шегі көтерілуі мүмкін

Зейнетақы жинақтарын шешіп алудың жеткілікті шегі биыл тағы көтеріледі. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді. Ал, шекті мөлшер неше пайызға көтерілетіні және бұл өзгеріс қашан күшіне енетіні мамыр айының аяғында белгілі болмақ.

ЕРБОЛ ТҰЯҚБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жеткілікті шек өседі деп нақты айта аламын. Қазір біз тиісті есептеулер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, Ұлттық Банк және өзге мемлекеттік органдармен пысықтап отырмыз. Қанша пайызға көтерілетінін айту қиын. Шешім қабылданған кезде бірінші болып Бұқаралық Ақпарат Құралдарында жариялаймыз. Бұл не үшін жасалып отыр дейтін болсақ, өте оңай. Азаматтарымыз қартайғанда лайықты зейнетақы алғанын қалаймыз.