Әл-Фарабидің мұрасын зерттеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Әл-Фараби» орталығы ұлы ойшыл мұрасын зерттеу мен насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Орталықтың халықаралық бастамалары кеңейіп, бүгінгі таңда 13 елде жалғасын тапты. Мамандар Әл-Фараби еңбектерін араб тілінен қазақ тіліне аударып, ғылыми айналымға енгізу жұмыстарын жалғастырып отыр. Сонымен қатар, фарабитану бағытында монографиялар, жинақтар, оқу құралдары және өзге де ғылыми еңбектер тұрақты түрде жариялауда.

ПІРІМБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ   «ӘЛ-ФАРАБИ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда Әл-Фарабидің журналын халықаралық деңгейдегі журнал шығарсақ па деген алдымызда үлкен мақсат тұр. Ол журналды шығаруға үлкен үлес қосатын әрине біздің ғылыми орта ұлттық университетіміз қолдау көрсетіп отыр. Енді соны біз әрі қарай дамытып, халықаралық деңгейдегі үлкен бір журнал шығарсақ па деген мақсатымыз бар. Екіншіден өзіміздің осы Фараби қорын ашу. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ға кіргізсек па деген мақсатымыз бар.