БҚО-да ардагерлердің облыстық форумы өтті

"AMANAT" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұзақ жыл еңбек еткен аға буынға құрмет көрсетіп, ардагерлер форумын ұйымдастырды. Саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған жандар өздерінің еңбек жолы мен естеліктерінен сыр шертті. Елге адал еңбегімен танылып, көпке үлгі болған қарияларды партия алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар қатысушыларға сергіту сәті ұйымдастырылып, теннис пен шахмат және бильярдтан сайыс өткізілді. Аға буынға құрмет ретінде мұндай шараларды партия үнемі ұйымдастырып отырады. "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы - осының айғағы.

АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Жас кезден бірін-бірі таниды, қазір кездесіп, бастары қосылып, әңгімелерін айтып, жас кездерін естеріне алып жатыр. Өркендеген елімізде, Қазақстанда өмір сүріп жатқанымыз осы үлкен кісілеріміздің арқасында. Ең бастысы -үлкендерімізге рақмет айту!