14 мамырда Қазақстанда доллар 6 теңгеге қымбаттады.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа өлшемді бағамы 6,18 теңгеге көтеріліп, 474,04 теңге болды.
Ұлттық банктің 14 мамырға арналған ресми бағамы - 467,63 теңге.
Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктеріндегі орташа бағам – сатып алу: 473,01 теңге; сату: 475,48 теңге.
Астана қаласындағы ақша айырбастау пунктеріндегі орташа бағам – сатып алу: орташа есеппен 469,50 теңге; -сату: 476,50 теңге.