Қазақ-түрік жастарына арналған жаңа білім гранты пайда болады

фото: ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Оның ішінде «Абай - Акиф Ерсой» стипендиялық бағдарламасы да бар. Бұл - Қазақстанның азаматтарына Түркияның жетекші оқу-орындарында стипендия арқылы оқу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ Түркия азаматтары да Қазақстанға келіп білім ала алады», - деді министр.